Қазақ

Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

D7100 бағдарлама жасақтамасы

Операциялық жүйені таңдаңыз.

  • Windows
  • Mac OS

Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.

  • • Бұл қызмет D7100 фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.05 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның параметрлерді орнату мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
  • • Бұл жаңарту алдыңғы жаңартуларда жасалған барлық өзгертулерді қамтиды.
  • • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.04 дегеннен 1.05 дегенге өзгертеді
  • • [CUSTOM SETTING MENU] (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІ МӘЗІРІ) ішінде c4 [Monitor off delay] (Мониторды өшіруді кешіктіру) > [Live view] (Тікелей көрініс) қолданушы параметрі үшін [No limit] (Лимит жоқ) мәні таңдалған кезде тікелей көріністің Camera Control Pro 2 ішінде басталғаннан шамамен 10 минуттан кейін аяқталуына әкелетін мәселе шешілді.
Алдыңғы нұсқалардан бергі өзгертулер
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.03 дегеннен 1.04 дегенге өзгертеді
  • • AF-P объективтері үшін келесілерді қолдау қосылды:
    • - Фокустағаннан кейін күту режимінің таймері бітсе, таймер қайта белсендірілгенде фокустау орны өзгермейді.
    • - Фокус объективтің фокустау сақинасын пайдаланып реттелгенде енді шексіздікке немесе минималды фокустау қашықтығына жетуді көрсету үшін көріністапқыштағы фокустау индикаторы (және тікелей көріністе монитордағы фокустау нүктесі) жыпылықтайды.
  • • Келесі мәселе шешілді:
    • - Апертурасы электромагниттік жолмен басқарылатын объектив (E түріне жататын объективтер) пайдаланылатын тікелей көрініс режимінде түсірілген фотосуреттерде кейде экспозиция оңтайлы болмайтын.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.02 дегеннен 1.03 дегенге өзгертеді
  • • Бейнефильмдердегі ақ нүктелердің орын алуы азайтылды.
  • Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) параметрі үшін 1280×720; 60p немесе 1280×720; 50p таңдалып түсірілген бейнефильмдердегі бұрмалану (көлденең сызықтар) азайтылды.
  • • Кескіндерді (қарау) түймешігін басу арқылы көргенде кейде дисплейдің күңгірттенуін тудыратын мәселе шешілді.
  • • Үздіксіз жүгірту фотокамеранып қатып қалуын тудыратын кейбір тілдердің мәзірлеріндегі мәселе шешілді.
  • Viewfinder virtual horizon (Көріністапқыштың виртуалды көкжиегі) параметрін пайдаланып көрсетілген виртуалды көкжиектегі мәселелер шешілді.
  • Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрі пайдаланылған кездегі фотокамераның қатуы мәселесі шешілді.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.01 дегеннен 1.02 дегенге өзгертеді
  • • Енді фотокамера бұрмалануды автоматты басқару деректерінің «L» 2.000 және одан кейінгі нұсқасын қолдайды. Бұрмалануды автоматты басқару деректерінің нұсқасын «L» 2.000 немесе одан кейінгіден жаңарту алдында фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңартыңыз.
«C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
  • Manual (Қол режимі) немесе Repeating flash (Бірнеше рет жанатын жарқыл) параметрлерін пайдаланып жарқылмен түсірілген фотосуреттер үшін фотосурет туралы мәліметке шолу дисплейінде жарқыл түзетілімінің орнына жарқыл деңгейін көрсетуді тудыратын мәселе шешілді.
  • • Таңдамалы түс арнайы әсері үшін түсті таңдау кезінде дисплейді ұлғайтқанда АЭ-Қ/АФ-Қ түймешігін басса, тікелей көріністі жаңартудың тоқтатылуын тудыратын мәселе шешілді.
  • • Белгілі бір әрекеттерді орындағанда Viewfinder virtual horizon (Көріністапқыштың виртуалды көкжиегі) дисплейінің қатып қалуы мәселесі шешілді.
  • • Фотосурет туралы мәлімет дисплейі WB bracketing (Ақ түс балансы брекетингі) параметрін пайдаланып түсірілген фотосуреттер үшін «9» дәл реттеу мәнін көрсететін, бірақ іс жүзінде жалпы мән бұл мөлшерден үлкенірек болатын мәселе шешілді.
  • • Күнтізбені қарау кезінде белгілі бір әрекеттерді орындағанда жүгіргіні қатырып қоятын мәселе шешілді.
  • • Күнтізбені қарау дисплейінің бір бөлігі үшін қаріп өлшемі өзгертілді.
  • • 35 мм пішімінің баламасында фотосуреттің Exif деректері фокустық қашықтықты қалай көрсететіні өзгертілді.
  • 1920×1080; 24p кадр өлшемінде және жылдамдығында M экспозиция режимінде түсірілген бейнефильмдерде экспозицияның ысырма жылдамдығының өзгертулерін көрсетпеуіне әкелетін мәселе шешілді.
Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
  1. Фотокамераны қосыңыз.
  2. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және параметрлерді орнату мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
  3. Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
  4. Фотокамераны өшіріңіз.
Өнім сипаттамасы
Аты D7100 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.05 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D7100
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.04 нұсқалары
Файл атауы F-D7100-V105W.exe
Жүйелік талаптар
  • Microsoft Windows 11
  • Microsoft Windows 10
  • Microsoft Windows 8.1
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. Компьютердің қатты дискінде қалта жасап, қалағаныңызша атаңыз.
  2. F-D7100-V105W.exe файлын 1-қадамда жасалған қалтаға жүктеңіз.
  3. Келесі файлды «D7100Update» атты қалтаға шығарып алу үшін F-D7100-V105W.exe файлын іске қосыңыз:
    • D7100_0105.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  4. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D7100_0105.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  5. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  6. Баптау мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  7. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  8. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Win_En.pdf (PDF) (0,21 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Өнім сипаттамасы
Аты D7100 «C» бағдарлама жасақтамасының 1.05 нұсқасы
Қолдау көрсетілетін фотокамералар D7100
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары «C» бағдарлама жасақтамасының 1.00–1.04 нұсқалары
Файл атауы F-D7100-V105M.dmg
Жүйелік талаптар
  • macOS Monterey 12 нұсқасы
  • macOS Big Sur 11 нұсқасы
  • macOS Catalina 10.15 нұсқасы
  • macOS Mojave 10.14 нұсқасы
  • macOS High Sierra 10.13 нұсқасы
  • macOS Sierra 10.12 нұсқасы
Ескертпе: жад картасын оқу құралы немесе ішіне орнатылған жад картасының ұяшығы бар компьютер қажет.
Авторлық құқық Nikon корпорациясы
Мұрағат түрі Өздігінен шығарып алынатын
Көшіру Рұқсат етілмеген
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
  1. F-D7100-V105M.dmg файлын жүктеңіз.
  2. «D7100Update» атты қалтаны қамтитын диск кескінін бекіту үшін F-D7100-V105M.dmg белгішесін екі рет басыңыз. Бұл қалта өз кезегінде келесі файлды қамтиды:
    • D7100_0105.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
  3. Карта ұяшығын немесе жад картасын оқу құралын пайдаланып, «D7100_0105.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
  4. Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
  5. Баптау мәзірінде Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  6. Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
  7. Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Ескертпе: егжей-тегжейлі нұсқаулар немесе жаңартуды аяқтау үшін қажет жабдық туралы ақпарат алу үшін келесі pdf файлын жүктеңіз:
DSLR_Firmup_Mac_En.pdf (PDF) (0,17 МБ)

Ескертпе: сіз үшін жаңартуды Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі орындай алады.

Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі

PDF файлдарын тегін Adobe® Reader® бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көруге болады.
Adobe® Reader® бағдарламасын жүктеңіз.