Құрылғыңыз бұл жүктеп алу қызметін қолдамағанымен, оны жүктеп алу туралы ақпаратты көру үшін пайдалануға болады. Жүктеп алуларға сілтемелер компьютерде жүктеп алу үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Z5II бағдарлама жасақтамасы
Операциялық жүйені таңдаңыз.
Бұл бағдарламалық жасақтаманың жаңартымы бағдарламасы жоғарыда көрсетілген тұтынушы өніміне («әсер етілетін өнім») арналған және тек төменде көрсетілген келісімді қабылдағанда ғана қамтамасыз етіледі. «Қабылдау» жауабын таңдасаңыз және «Жүктеу» түймесін бассаңыз, сіз келісімнің шарттарын және талаптарын қабылдадыңыз деп есептеледі. Жүктеуді бастау алдында келісімнің шарттарын түсінетініңізге көз жеткізіңіз.
-
- • Бұл қызмет Z5II фотокамерасының «C» бағдарлама жасақтамасын 1.01 нұсқасына жаңарту үшін пайдалануға болатын бағдарламалық жасақтаманы қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында фотокамераның [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдап, фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын қараңыз. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама жасақтамасы орнатылып қойған болса, бұл жаңартуды жүктеу немесе орнату қажет емес.
- • Бағдарлама жасақтамасының жаңартымы үшін карта оқу құралы мен компьютер қажет.
- • Жалғастыру алдында төмендегі ақпаратты оқыңыз.
|
Сақтық ескерту: бағдарлама жасақтамасын жаңарту
Z-mount NIKKOR объективтерінен басқа объективтер немесе FTZ II/FTZ дегеннен басқа орнату адаптерлері жалғанған кезде фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңартпаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау фотокамераның дұрыс емес жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
SnapBridge қолданбасын фотокамераңызбен (Bluetooth) жұптастыру
Бұрын SnapBridge қолданбасында тіркелген фотокамера фотокамераның «C» бағдарлама жасақтамасы 1.00 нұсқасынан жаңартылғаннан кейін автоматты түрде қайта қосылмауы мүмкін. Бұл ақаулықты көрсетпейді, өйткені бұл «C» бағдарлама жасақтамасының 1.01 нұсқасына жаңартылуынан кейін фотокамераның көрсетілетін атауының өзгеруіне байланысты. SnapBridge қолданбасында [Forget camera] (Фотокамераны ұмыту) пәрменін таңдаңыз және фотокамераңызды қолданбамен қайтадан жұптастырыңыз.
|
- «C» бағдарлама жасақтамасының нұсқасын 1.00 дегеннен 1.01 дегенге өзгертеді
-
- • Nikon Imaging Cloud қызметіне қосылу кезінде фотокамерада көрсетілетін біраз нұсқаулық мәтіндер жаңартылды (қосылу процедурасының өзі өзгеріссіз қалды).
- • SnapBridge қолданбасымен жұптастырғанда көрсетілетін фотокамера атауы өзгертілді.
- • [NETWORK MENU] (ЖЕЛІ МӘЗІРІ) мәзірінде [USB] үшін [iPhone] таңдалған кезде USB арқылы қосылатын құрылғыларда көрсетілетін фотокамера атауы өзгертілді.
- • [CUSTOM SETTINGS MENU] (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МӘЗІРІ) ішіндегі d13 [Display on during burst] (Қатарынан түсіру кезінде көрсету) тармағының атауы өзгертілді.
|
- Фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
-
- Фотокамераны қосыңыз.
- Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көрсету үшін фотокамераның MENU түймешігін басыңыз және [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз.
- Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын тексеріңіз.
- Фотокамераны өшіріңіз.
- Өнім сипаттамасы
-
Аты |
Z5II «C» бағдарлама жасақтамасының 1.01 нұсқасы |
Қолдау көрсетілетін фотокамералар |
Z5II |
Қолдау көрсетілетін фотокамера бағдарлама жасақтамасының нұсқалары |
«C» бағдарлама жасақтамасының 1.00 нұсқасы |
Файл атауы |
Z5_2_0101.bin |
Авторлық құқық |
Nikon корпорациясы |
Көшіру |
Рұқсат етілмеген |
- Фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
-
- Компьютеріңізге келесі бағдарлама жасақтамасы файлын жүктеп алыңыз.
Компьютеріңізге бағдарлама жасақтамасын жүктеп алғаныңызды тексеріңіз.
• Z5_2_0101.bin (фотокамераның бағдарлама жасақтамасы)
- Жад картасын оқу құралын пайдаланып «Z5_2_0101.bin» файлын фотокамерада пішімделген жад картасына көшіріңіз.
Ескертпе: бағдарлама жасақтамасын жад картасының түбірлік (ең жоғарғы) каталогына көшіруді ұмытпаңыз. Түбірлік каталог астындағы қалтаға орналастырылған болса, фотокамера жаңа бағдарлама жасақтамасын танымайды.
- Жад картасын фотокамераға салып, фотокамераны қосыңыз.
- [SETUP MENU] (БАПТАУ МӘЗІРІ) ішінде [Firmware version] (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз және бағдарлама жасақтамасының жаңартылуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
- Жаңарту аяқталғаннан кейін фотокамераны өшіріңіз және жад картасын алыңыз.
- Бағдарлама жасақтамасы жаңа нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.
Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі